Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 73 млн теңгеден астам қарызы бар 244 жүргізуші ұсталды

Алматыда «Борышкер» іс-шарасы барысында 73 млн теңгеден астам қарызы бар 244 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда сот пен сот орындаушыларының қаулысы бойынша салық берешегі және басқа да берешегі бар көліктерді, сондай-ақ төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар көліктерді анықтауға бағытталған «Борышкер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Іс-шара жеке сот орындаушыларының және мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

– Алматы жолдарында ЖААІШ басталғалы бері 244 көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Олардың иелерінің сот қаулысы және сот орындаушылары бойынша берешегі, сондай-ақ жалпы сомасы 73 млн теңгеден астам төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар. Мәселен, қалада Ресей Федерациясында тіркелген Toyota Camry автокөлігі ұсталды, оның жүргізушісі 4 млн 574 мың 700 теңге сомасында 132 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 133 жүргізуші, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізуші және жалған нөмір таққан 13 жүргізуші ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру