Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен елордалық тұрғындарды сан соқтырған

Алаяқтар жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген желеумен елордалық тұрғындарды сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар елордалықтарға жүргізуші куәліктерін алып беру көмегін ұсынған. Полицейлер алаяқтық жасауға қатысы бар адамдарды анықтады.

Елорда тұрғыны полицияға белгісіз ер адам жүргізуші куәлігін дайындап беремін деген желеумен 265 мың теңгесін иемденгені туралы  арызбен жүгінді. Жәбірленуші бейтаныс адамның көлік құралдарын басқару құқығын алуға көмектесетініне сеніп, сұраған ақшасын берген, біраз уақыттан кейін ол  алданғанына көз жеткізіп, полицияға мәлімдеген.
Полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні қолға түсірді.
37 жасар тұрғын алаяқтың арбауына түсіп, жеңіл жолмен жүргізуші куәлігін алмақшы болып, 110 мың теңгесінен айырылған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп,  елорданың 33 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған деректер  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері ресми интернет-ресурста орналастырылғанын www.gov.kz және оны тек уәкілетті орган беретінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру