Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының бас полицейі патрульдік полицейлер үшін басым міндеттерді айқындады

Ерлан Файзуллин құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жыл басынан бері көшелердегі қылмыстар саны 6%-ға , қоғамдық орындарда 15%-ға азайды.
“Қадамдық қолжетімділік полициясы” қағидатын іске асыру үшін облыста 8 стационарлық полиция бекеті жұмыс істейді. Оның 7-і облыс орталығында және 3 модульдік үлгідегі бекет Рудный, Жітіқара қалаларында, Әуліекөл ауданында орналасқан.

Қостанай облысы ПД бастығы патрульдік полиция батальоны мен ротасы бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын тексерді. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен ішкі істер министрлігінің талаптарын ескере отырып, ведомствода күнделікті қызметтік міндеттерді шешуге цифрландыруды енгізу процесі жүріп жатқанын атап өтті.

– Полиция жұмысының сервистік моделі қоғамның сұраныстарына жедел ден қоюға, патрульдік полиция қызметкерлерінің заңдылықты сақтауына және азаматтарға мұқият қарауға бағытталған. “Полиция және қоғам” парадигмасының өзгеруіне әсер ететін жаңа тетіктер мен құралдарды енгізу маңызды, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.


Патрульдік полиция үшін басым міндеттердің бірі-қылмыстарды жедел ашу. Тек жыл басынан бері олар 270 қылмысты “ізін суытпай” ашты.

Қостанай облысы ПД бастығы полицияның жұмысы азаматтардың қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екендігіне назар аударды. Қазіргі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен және планшеттермен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру