Алматыда асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды
Алматыда асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс бейнебақылау камераларына жазылған. Полицияға хабарлама мекеме басқарушысынан келді.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғыны анықталды. Әйелдің асханаға кіргені белгілі болды. Әкімшімен сөйлескенде, ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, ол қолма-қол ақша ұрлады, – дейді Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников.
Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды.
Айтпақшы, Ш.есімді әйел бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.