Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 25 шетел азаматы анықталды

Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 25 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасы Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 11-20 қазан аралығында “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – көші-қон саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заңсыз көші-қонның жолдарын анықтап, басқа да көші-қон заңдылықтарының бұзылуын анықтау.

Аталған шара бойынша қазіргі таңға дейін Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 25 шетел азаматтары анықталып, ӘҚБтК 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар бес шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан алыстатылды.

Оған қоса шетелден адамдарды шақыртушы тарап болып саналған 11 қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру