Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан кезекті сатушы ұсталды

ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан кезекті сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында қала көшелердің бірінде Өскемен қаласының 38 жастағы тұрғынынан кідіріссіз тінту барысында жүргізуші орындығының артында орналасқан қалтасынан өсімдік тектес заты бар бір полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 52,75 грамм “кептірілген марихуана” есірткі құралы болып табылады.

Сондай-ақ, күдіктінің пәтерін кідіріссіз тінту барысында төсек астындағы жатын бөлмеден өсімдік тектес зат және жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған екі қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 30,36 грамм “кептірілген марихуана” есірткі құралы және салмағы 15,30 грамм “гашиш” есірткі құралы болып табылады.

Ұсталған азамат бұл затты өзі қолданбайтынын, бірақ одан әрі сату үшін тауарларды тасымалдағанын түсіндірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру