Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлау саны азайды
Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлау саны екі еседен астамға азайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты.
- Ағымдағы жылдың үш айында қарақшылықпен айналысқан алты топтың, 19 - қарақшылықтың, пәтер тонаумен айналысқан сегіз топтың, алты автокөліктен ұрлық жасағандардың, 19 - қоғамдық орындардағы жеке мүліктің қылмыстық әрекеттері ауыздықталды. Сонымен қатар, жыл басынан бері 258 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды, оның 83-і есірткіні сатумен байланысты. Заңсыз айналымнан 62 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, соның ішінде шамамен 250 грамм героин, 23 келіден астам гашиш және 35 келіден астам марихуана, - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Спикердің айтуы бойынша:
- барлық құқық бұзушылықтар - 27,7%;
- аса ауыр - 17,8%;
- ауыр қылмыстар - 16,9%;
- орташа ауырлықтағы қылмыстар - 30,6%;
- кісі өлтіру - 35,7%;
- біреудің мүлкін ұрлау 2,1 есе;
- пәтерлерден ұрлық - 2,2 есе;
- тонау - 33,3%;
- қарақшылық - 40,0%;
- бұзақылық - 46,9%;
- ұрлық мақсатынсыз көлік құралын иемдену 10,6%;
сондай-ақ, жасалған құқық бұзушылықтар:
- қоғамдық орындарда 4,4 есеге;
- көшелерде -5,0 есеге;
- кәмелетке толмағандар -36,0%;
- адамдар тобында - 45,2%;
- алынып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар -12,0%-ға қысқарды.