Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлау саны азайды

Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлау саны екі еседен астамға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты.

– Ағымдағы жылдың үш айында қарақшылықпен айналысқан алты топтың, 19 – қарақшылықтың, пәтер тонаумен айналысқан сегіз топтың, алты автокөліктен ұрлық жасағандардың, 19 – қоғамдық орындардағы жеке мүліктің қылмыстық әрекеттері ауыздықталды. Сонымен қатар, жыл басынан бері 258 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды, оның 83-і есірткіні сатумен байланысты. Заңсыз айналымнан 62 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, соның ішінде шамамен 250 грамм героин, 23 келіден астам гашиш және 35 келіден астам марихуана, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуы бойынша:
– барлық құқық бұзушылықтар – 27,7%;
– аса ауыр – 17,8%;
– ауыр қылмыстар – 16,9%;
– орташа ауырлықтағы қылмыстар – 30,6%;
– кісі өлтіру – 35,7%;
– біреудің мүлкін ұрлау 2,1 есе;
– пәтерлерден ұрлық – 2,2 есе;
– тонау – 33,3%;
– қарақшылық – 40,0%;
– бұзақылық – 46,9%;
– ұрлық мақсатынсыз көлік құралын иемдену 10,6%;
сондай-ақ, жасалған құқық бұзушылықтар:
– қоғамдық орындарда 4,4 есеге;
– көшелерде -5,0 есеге;
– кәмелетке толмағандар -36,0%;
– адамдар тобында – 45,2%;
– алынып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар -12,0%-ға қысқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру