Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас жүргізушінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

СҚО-да мас жүргізушінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің 24 күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның үш тұрғыны бірлесе спирттік ішімдік ішкен соң, көрші ауылға жолға шығады. Олардың біреуі – 43 жастағы ауылдық өзінің Volkswagen Passat көлігін тізгіндеген. Көкшетау – Рузаевка автожолында, Көкалажар ауылынан 15 шақырым жерде, рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жолдан шығып кетіп, аударылған.

Полицейлерге жолдағы апат жайлы жолай өтіп бара жатып көмекке тоқтаған жүргізушілер хабарлаған. Көлік иесі мен оның жұбайы зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы кезінде алдыңғы жолаушы орнында отырған ортақ таныстары Орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді.

– Сараптаманың қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – дейді аудандық ПБ бастығы Марат Әлжанов. – Баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салудан бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын еске саламыз. Сонымен қатар, масаң күйде жол апатын жасаған адамдар 10 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Масаң күйде көлік басқарумен күрес – полицейлердің басты жұмысы. Әр мас жүргізуші – өзінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін, ықтимал қылмыскер екенін есте ұстаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру