Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері героин тасымалдаған автобус жолаушысын ұстады

Түркістан облысының полицейлері героин тасымалдаған автобус жолаушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткімен күрес Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ұдайы жүргізіліп келеді. Яғни полицейлер тарапынан есірткі қылмысының алдын алу мен болдырмау жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Мәселен полицейлердің айтуы бойынша, Түркістан қаласында аса ірі көлемде героин тасымалдаған тұрғын ұсталды.

Нақтырақ айтар болсақ, ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз біреуден есірткіге байланысты арыз келіп түседі. Қоғам дертімен күресті тоқтатпаған аталған басқарма қызметкерлері бірден арыз бойынша әрекет етеді.

Осылайша облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында ЕҚҚІҚБ қызметкерлерінің тәжірибелі тәртіп сақшылары қатарынан қылмысты ашуға бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Олар Шымкент-Самара тас жолының бойында жүріп жатқан автобус көліктерін біртіндеп тексере бастайды. Тексеру кезінде Алматы-Түркістан бағытында келе жатқан автобустағы жолаушы әйел күдік тудырады. Осылайша жедел шаралардың нәтижесінде әйелдің сөмкесінен қағазға оралып, полиэтилен пакетіне салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды. Болған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 60 грамға жуық “героин” екені анықталды. Яғни героиннің бұл салмағы 300-ге жуық адамның бір реттік дозасы екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті әйел бірден қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы оқиғаның толыққанды мән-жайын анықтайтын болады.
Облыс тұрғындарына ескертеміз, есірткі атаулыға мүлде жоламаңыздар! Өз саулықтарыңыз үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру