Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адам полицияға 8 снаряд тапсырды

Ақтөбе облысында ер адам полицияға сегіз снаряд тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында халықтан заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы жалғасуда.

27 сәуір күні полиция бөліміне Темір ауданының 46 жастағы тұрғыны 30 мм зеңбіректен сегіз дана снаряд тапсырды. Ер адамның айтуынша, снарядтарды Темір ауданында балық аулау кезінде тапқан. Қазіргі уақытта артиллериялық снарядтар сараптамаға жіберілді.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру