Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық жігіт құрылыс материалдарын қолды қылды

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері салынып жатқан нысандардан құрылыс материалдарын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуірде кәсіпорындардың бірінің 41 жастағы директоры Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреу салынып жатқан көп қабатты үйдің аумағынан темір заттарды ұрлап кеткенін айтты. Шығын мөлшері 500 мың теңгені құрады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған металды темір қабылдайтындарға тапсырмақ болғанын мәлімдеді.

26 сәуірде осыған ұқсас қылмыс Қарағанды облысының Теміртау қаласында орын алып, 66 жастағы зейнеткерге тиесілі салынып жатқан жеке үйден темір есік пен профильді шарбақтарды ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 60 мың теңгені құрайды.

Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде жәбірленушімен көрші тұратын 21 жастағы жігітті ұстады. Көршісі қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру