Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда дүкеннен 15 телефонды қолды қылған күдіктілер қамауға алынды

Алматыда ұялы телефон дүкенінен 15 телефон ұрланғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы ауданының полицейлерінің хабарлауынша, түнде ұялы телефон дүкені тоналған.

– Ол кезде 15 телефон қаскөйлердің қылмыстық олжасына айналды. Сондай-ақ ұрылардың витринаның әйнегін сындырып, ішке кіргені анықталды. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екі адам белгілі болды. Күдіктілердің екеуі де Түркістан облысының тумасы. Т.есімді азамат – 27 жаста, Ж.есімді азамат – 24 жаста. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қаскөйлер ұрланған мүлікті кәдеге жаратып үлгермеген. Телефондар тәркіленді. Ал ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Абдумасаров.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру