Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған

Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, оқиға түнгі сағат бірде Сейфуллин даңғылы мен Ақпаев көшесінің қиылысында болған. Екі ер адам бейтаныс азаматты жанжалдасып қалғанының кесірінен ұрып-соққан.

– Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, оны басынан таспен ұрған. Шабуыл жасаушылардың жеке басы бірден анықталды. Олар ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру