Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да “Менің полициям” байқауының қатысушылары марапатталды

ШҚО ПД-да “Менің полициям” байқауының қатысушылары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Менің полициям” байқауы ішкі істер министрлігінің бастамасымен өткізіліп, Қазақстан бойынша көптеген қатысушылардың басын біріктірді. Шығыс Қазақстан облысы да шетте қалмады, оған 130-дан астам бала қатысып, бақ сынасты.

Бір айға жуық балалар өз жұмыстарын әртүрлі номинацияларға бағыттады, ал комиссия мүшелері: өзіндік ерекшелігі, тақырыпқа тереңдік пен мағына беру, ойдың күрделілігі мен ерекшеліктері, сондай-ақ көркемдік шеберліктің негіздерін меңгеру сынды қасиеттерді бағалады.
Үздік жұмыстарды ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков дипломдар мен сыйлықтар табыстау арқылы атап өтті.

– Көптеген қатысушылардың байқауға қатысуға атсалысқаны мені қуантады. Бұл дегеніміз, сіздер жас кездеріңізге қарамастан, тәртіп күзетіндесіздер. Сіздерді біздің қатарымызда көремін деп үміттенемін. Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, әрі қарай мақсаттарыңызға жете отырып, биік шыңдарды бағындыруды тілеймін. Болашақта үлкен тұлға болатындарыңызға сенімдімін, – деп атап өтті облыстық полиция бастығы.

– Байқауға қатысуға анам мен әкем көмектесті, біз жол қауіпсіздігі макетін бірге жинадық. Жеңімпаздардың қатарында болғаныма өте қуаныштымын. Ұйымдастырылған іс-шара үшін полицейлерге рахмет, – деді 10 жасар Өмірлі Қуандықұлы.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін жеңімпаздар мұражай мен жедел басқару орталығына барып, Полиция департаментіне экскурсия жасады.

Айта кетейік, облыста 1 орын алған үздік жұмыстар “Менің полициям” республикалық байқауына қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру