Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі сатушы бас бостандығынан айырылды

Алматыда есірткі сатушы бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы заңсыз айналымнан есірткі мен қарудың ірі партиясын тәркілеу туралы осы жылдың қаңтар айында хабарлаған болатын. Сол кезде 52 жастағы Р. есімді азаматтың пәтерінен есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері есірткі заттарынан бөлек, жасырын түсірілім мен телефонды тыңдауға арналған арнайы құрал-жабдықтарды да тапты.Пәтерден ОСА травматикалық тапаншасы, пневматикалық автомат және суық қарудың белгілері бар 6 түрлі пышақ табылды.

– Күдіктінің пәтерін тінту кезінде екі келіге жуық ерекше иісі бар қоңыр түсті зат, сондай-ақ дәл осындай тұқым түріндегі зат салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Болжам бойынша, мәселе гашиш пен қарасора тұқымы туралы болып отыр. Есірткі қылмысы және қару сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің бұрын сотталғандығы да ескерілетін болады, – деп Алматы полициясы сол кезде мәлімдеді.

Бостандық ауданының №2 аудандық соты Р.есімді азаматты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Енді ол қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 3 жыл жазасын өтейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру