Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл жүргізушісі 1 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс

Петропавлда 1 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда интеллектуалды бейнетіркеу жүйесі тағы бір жылдам жүруге құмар жүргізушіні анықтады. Бейнежүйе 24 мамыр мен 8 маусым аралығында шетелдік есепте тұрған ВАЗ-21101 автокөлігімен жылдамдықты асырудың 56 фактісін тіркеді. Бұл көліктің сақтандыру полисі тіркелмеген. Тәртіп сақшылары оған қатысты анықталмаған жүргізуші санаты бойынша мәліметтер базасына бағдар енгізді.

Осы сәттен бастап камералар оны автоматты түрде іздеуді бастады. “Мегакам.Қорғау”қосымшасының көмегімен СҚО ПД ЖПҚ басқармасының іздестіру тобының қызметкерлері қысқа мерзімде автокөлікті анықтады.

– Көлікті 29 жастағы петропавлдық тізгіндеген. Жылдамдық режимін бірнеше мәрте бұзғаны үшін ол 1,3 млн теңгеден астам сомада айыппұл төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл көлікті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін салынады. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Бұл ретте, 8 маусымнан бастап облыста “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 6 күн ішінде әкімшілік айыппұл төлемеген 4745 адам анықталды, – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жыл басынан бері облыста автоматты тіркеудің бейнежүйелері арқылы барлығы 15525 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Заманауи технологиялар – жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған полицейлердің сенімді құралы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру