Алматыда ІІМ академиясы балаларға нағыз мереке сыйлады
Алматыда ІІМ академиясы балаларға нағыз мереке сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ойын-сауық іс-шарасы ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы спорттық алаңында өтті. Шара халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы ұйымдастырылған.
– Дене шынықтыру адамның салауатты өмірін, эстетикасы мен мінез-құлқын жетілдіріп, түрлі аурулардың алдын алатынын, топтағы ұжымдық рухын қалыптастыратын білеміз. Осы мақсатта, бүгін біздің академияда балаларға арналған ауқымды спорттық, ойын-сауық шаралар ұйымдастырылды, – деп бөлісті ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков.
Ұйымдастырылған шаралар аясында асфальтта сурет салу байқауы өтті. Алаңда полиция қызметі туралы тереңірек білу үшін автомобильді мен мото техника қойылып, түрлі тәттілер таратылды. Барлық конкурстардың нәтижелері бойынша жас өрендерге дипломдар мен сыйлықтар берілді.
Осы шаралар жақсы дәстүрге айналды, біздің қызметкерлеріміздің жанұяларын одан да зор бекем етеді. Балалар үшін нағыз мерекеге айналғаны сөзсіз. Соңында Академияның бас полицейі балаларға бақытты балалық шақ пен ашық аспан тіледі.