Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин облыстың оңтүстік өңіріне барды

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин облыстың оңтүстік өңіріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин жеке құраммен кездесулерді Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында жалғастырды. Бірінші кезекте, ол полиция бөлімдерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге назар аударды және “Қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

– Полиция жұмысының сервистік моделін дамыту қадамдық қолжетімділікке, бюрократиясыздандыру шеңберінде оңтайлы жұмыс процестерін құруға, материалдық-техникалық жарақтандыруға және ден қоюдың жеделдігін арттыруға, цифрлық технологияларды қолдануға байланысты. Мысалы, биыл 250 млн теңгеден астам 25 автокөлік сатып алу жоспарланған, олардың бірнешеуі оңтүстік өңірлерге жіберіледі, – деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.

Жеке құраммен кездесу барысында Ерлан Файзуллин тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте қызметкерлерді парасаттылыққа тексеру тетігі – “Integrity Check” ерекше рөл атқарады.

– Полицияға жүгінген немесе полиция қызметкері қызмет көрсететін кез-келген азамат тексеруші бола алады. Қысқа мерзім ішінде бұл бастама мықты профилактикалық әсер еткенін ерекше атап өтемін, – деді ол.

Облыстың оңтүстік өңірін аралау барысында департамент бастығы азаматтарды қабылдады және полиция бөлімдерінің жұмысын үйлестіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру