Алматыда кәріз ұрысы әлеуметтік желідегі хабарлама арқылы ұсталды
Алматыда кәріз ұрысы әлеуметтік желідегі хабарлама арқылы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындары канализацияның кәріздерін ұрлау фактісі туралы хабар берді. Наурызбай ауданының полицейлері бұл хабарламаға ден қойды.
– Күдіктілер – Г. және С.азаматтар дереу өздерінің іс-әрекеттерін мойындады, өздерін ақтауға тырысып, қаржылық қиындықтарға тап болғандықтарын, нәтижесінде қылмыс жасауға бел буғандықтарын айтты. Ұрлық фактісінің өзі «Қалқаман» ықшамауданында, Құлбеков көшесінің бойында болған. Ұстау кезінде ұрланған металл кәріз табылып, тәркіленді, оны олар көрші «Достық» ықшамауданында сатпақ болған. Ұрланған металды сатып алатын адамға сатпақ болған кезде қаскөйлер ұсталды. Ұрлықшылар мен ұрланған заттарды сатып алушы ПД-нің УҰИ-на орналастырылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.