Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 25,5% пайызға төмендеді

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 25,5% пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мақсатында 2020 жылдың 11 айында облысымыздың полицейлері жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп, бірқатар жұмыстар атқарды. Атап айтсақ, облыста жасөспірімдер бойынша қылмыстар өткен жылдан қарағанда – 25,5%пайызға (188-ден 140-қа) төмендеген. Тәртіп сақшылары іс-шара барысында басты назарды профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына, кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыз қалу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру жайттарын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату жағдайларының жолын кесуге аударды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар бойынша ұрлық – 36,4%-ға, бұзақылық – 13,6%-ға, тонау 68,8%-ға төмендеген.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде “Құқықтық тәртіп”, “Тұрмыс”, “Жасөспірім”, “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шаралары мен “Зорлық-зомбылықсыз отбасы”, “Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жоқ!” және “Отбасындағы бейбітшілік” атты акцияларды өткізілді.

Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын жетілдіру және сабақтан тыс іс-шаралар оқу процесінде қарастырылуы тиіс.

Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, профилактикалық бақылаудың мұндай түрі жасөспірімдерді, қиын отбасыларды уақтылы анықтауға және оларға жедел құқықтық, басқа да көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру