Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшелері қызметкерлерінің слеті өтуде

Алматыда киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшелері қызметкерлерінің слеті өтуде. Слет ҚР Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың тапсырмасымен республикада алғаш рет ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараға ІІМ КПД Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Р.Дюсетаев, Алматы академиясының басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы, «Kazdream special systems» ЖШС өкілдері қатысты.

Слетте «Қазақстан Республикасындағы киберқылмысқа қарсы күрес: жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасаған ІІМ КПД киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Р.Дюсетаев Қазақстандағы киберқылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырылуы мен қазіргі жағдайы, киберқылмысқа қарсы қылмыстарды анықтау мамандарын даярлау жайлы кеңінен мағлұмат берді.

Үш күндік слет кезінде ұялы байланыс компанияларының провайдерлері номер ауыстырумен байланысты интернет-алаяқтар туралы да түсіндірді.

Интернет желісінде жасалатын алаяқтықтарды анықтау мен ашу проблемаларына арналған слетке қатысушыларға слет соңында сертификаттар тапсырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру