Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” ЖПІШ: Қызылорда облысында 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында “Учаске” ЖПІШ аясында 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Құқық бұзушылықтар мен заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарын анықтау жөніндегі шараларды күшейту мақсатында 1 қазаннан бастап Қызылорда облысының аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бастап, 12 күн ішінде 18860 тұрғын үй тексерілді. Жалға берілетін пәтер, қонақ үйлер, жатақханалар тексерілді. Жалға берілетін 23 пәтер анықталды, олардың барлығы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарламалар жолданды.

Барлығы 2680 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде көші-қон заңнамасына қатысты 101 дерек тіркелді. ЖПІШ барысында барлығы 5 тіркелмеген қару заңсыз айналымнан алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру