Алматыда көлік терезелерін сындырған ер адам ұсталды
Алматыда көлік терезелерін сындырған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйдің заңсыз әрекеті “Қауіпсіз аула” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің кіреберісіне кіретін жерлерге орнатылған бейнебақылау камералары арқылы жазылып қалған.
– Бұл деректер әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды. Ол кезде полицияға ресми өтініштер болған жоқ. Соған қарамастан, бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іс-шаралар барысында көліктері дәл осындай жолмен тоналған тағы алты жәбірленуші анықталды. Күдікті – 1996 жылы туған Б.есімді азамат ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Оның берген жауаптарының қаншалықты рас екенін алдағы тергеулер көрсетеді, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Баяндамашы көліктердің терезелерін сындыру себебін де айтып өтті. Оның айтуынша, қаскөйді тек көліктерге орнатылған бейнетіркегіштер ғана қызықтырған.