Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Ақмола полицейлері ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 ақпанда сағат 11:30 шамасында Жезқазған – Петропавл автожолының 538 шақырымында Тұлпар 16 автопатруль экипажының жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде ауа райы қолайсыз жағдайда кюветке шыққан жүк көлігі байқалды.

Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары И.Калинкин мен Е.Аубакиров Есіл ауданының Бұзылық ауылының тұрғындарымен хабарласып, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы техниканың көмегімен үлкен жүкті қар құрсауынан алып шықты. Жүргізуші тәртіп сақшыларына көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

– Біз полиция қызметкерлеріне қиын сәтте көмектескені үшін шексіз ризамыз. Оларға жұмысқа деген ықыласы мен адалдығы үшін рақмет, – деп Instagram парақшасында алғысын білдірді жүргізушінің әпкесі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру