Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда сотталғандар ревакцинациядан өтуде

Жамбылда сотталғандар ревакцинациядан өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде өткен жылдың 1 ақпанынан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталғаны белгілі.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД түзеу мекемесіндегі COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған сотталғандар 99,41 пайызды құрады.

Айта кету керек, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары, оның ішінде жазасын өтеушілер де COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға жатады.

ҚР Бас санитар дәрігерінің қараша айындағы №49 қаулысына сәйкес еліміздегі қауіпті дерттің  өсуінің қолайсыз болжамын, сондай-ақ арнайы контингенттің көп жиналуын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де ревакцинация басталды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ ЖД-158/4 мекемесінде арнайы контингенттер арасында аурудың өршуінің алдын алу және болдырмау мақсатында сотталғандар арасында ревакцинациялау басталды.

Бүгінгі күні аталған түзеу мекемесіндегі ревакцинациядан өткен сотталғандар саны – 18,9 пайызды құрайды. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру