Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметкерлері есепте тұрған жасөспірімнің әлеуметтік мәселесін қарады

Ақтөбеде пробация қызметкерлері есепте тұрған жасөспірімнің әлеуметтік мәселесін қарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қоғамға бейімделулеріне мүмкіндік беру үшін олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал жасау бойынша Ақтөбе облысының пробация қызметкерлері бірқатар іс-шараларды атқарып келеді.

Осындай іс-шара жуырда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық № 2 пробация қызметі және Ембі қалалық ПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобы кызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Ембі қаласы әкімдігінің қоғамдық және ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысумен кәмелетке толмаған: ауыр қылмыс жасаған аталған пробация есебінде тұрған сотталған Ж.-мен өткізілді.

– Кеңес мүшелері есепте тұрған жасөспірімге алдағы уақытта қандайда бір құқық бұзушылық немесе тәртіп бұзушылықтардан аулақ жүріп, жіберген қателерінен сабақ алып, өзінің өмірдегі адал жолын табудың маңыздылығы жөнінде өз ақыл-кеңестерін айтты. Сонымен қатар, аяғын шалыс басқан азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында олардың білім алулары мен жұмысқа орналасуларына ықпал ету бойынша пробация тарапынан ұйымдастырылып келетін іс-шаралар өз нәтижесін беріп келетіндігін баса айтып, осы секілді шараларды одан әрі жалғастырудың пайдасы жоғары екендігі жөнінде өз ойларын ортаға салды, – дейді Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметінің бөлімше бастығы Данияр Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру