Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да “Жасақ тәрбиешілерінің үздік кеңесі” байқауы өтті

СҚО бойынша ҚАЖД-да “Жасақ тәрбиешілерінің үздік кеңесі” байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің жасақ бастықтары арасында “Жасақ тәрбиешілерінің үздік кеңесі” республикалық конкурсының I-кезеңі өткізілді.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы өз жұмыс процесінің бір күнін көрсетіп, “Жасақ тәрбиешілері кеңесінің” отырысында ұсынды. ЖТК отырыстары жасақ буындары бойынша жасақ бастықтарының кабинеттерінде өткізілді. Комиссия мүшелері кабинеттің безендірілуін, көрнекі үгіт-насихаттың, құқықтық бұрыштардың болуын, жасақ құжаттамасының жүргізілуін ескерді.

ЖТК отырыстарын өткізу форматы регламентінің сақталуы және бастықтардың әңгімелесу жүргізе білуі, сұрақтарды нақты және қысқа тұжырымдай білуі, өз ескертулері мен талаптарын дұрыс және сенімді түрде баяндай отырып, ұстамдылық таныта білуі назарға алынды.

ЖТК отырыстарында көтермелеу шаралары, мінез-құлық дәрежесін анықтау, сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген кезде сотталғандардың мінездемелерін қарау мәселелері қаралды.

Байқауда I-орынды екінші жасақ бастығы Бақыт Есенғалиева иеленді. Ол байқаудың әрі қарайғы турларына қатысып, облыстық деңгейдегі мекеменің намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру