Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік жуу мекемесінің қызметкері әріптестерінің ұялы телефондары мен кассаны ұрлап кетті

Алматыда көлік жуу мекемесінің қызметкері әріптестерінің ұялы телефондары мен кассаны ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 жастағы жігітке қатысты жеті қылмыс бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, Ж. есімді азамат көлік жууға жұмысқа орналасқан. Бірнеше күн жұмыс істегеннен кейін, ол әріптестерінен телефон соғу үшін ұялы телефон сұраған. Содан кейін жас жігіт гаджетті алып, кассадан ақша ұрлап кеткен. Кейбір эпизодтарда ол клиенттердің көліктерін «тексеруді» де ұмытпаған.

– 26 жастағы күдікті бірнеше ай бойы көрсетілген тізбек бойынша алдап келгені анықталды. Ұрлық жасағаннан кейін, күдікті, жұмыс орнын тастап кеткен. Қазіргі уақытта оның осындай жеті оқиғаға қатысы бар екені анықталды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхаммедәлі Сейсенұлы.

Жас жігітке қатысты бірден ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бірақ алданған адамдар әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігін жедел уәкілдер жоққа шығармайды. Сол себепті, аталған адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары Наурызбай аудандық ПБ-на жүгінуге немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сондай-ақ ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру