Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда квадроциклдегі балаларды қағып кеткен жүргізуші сотталды

Алматыда квадроциклдегі балаларды қағып кеткен жүргізуші сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, бұл жол-көлік оқиғасы 2020 жылы 25 шілдеде Алатау ықшамауданында орын алды.

– Жүргізуші А.А.Арыстанов, Toyota Camry көлікті басқара отырып, “Алматы-Көкпек-Көктал-Алатау” тас жолы бойымен батыс бағытта жүріп келе жатты. Шамамен 20 сағат 55 минутта А.А.Арыстанов жол қозғалысы Ережесінің 10.1 тармағының талаптарын бұза отырып, қозғалыс қарқындылығын жол және метеорологиялық жағдайларды, атап айтқанда, жүру бағытында көрінуді ескермей, қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жол ережесін сақтау мақсатында көлік құралының қозғалысын үнемі қадағалап отырмай, жол учаскесінде – «Алатау» шағынауданынан батысқа қарай 134 метрде, ЖҚЕ 8.1, 11.1 тармақтарының талаптарын ескермей, қауіпті маневр жасаған кезде, қарама-қарсы жолақтың бос екендігіне көз жеткізбей және осы маневр арқылы басқа жол қозғалысы қатысушыларына ешқандай кедергі жасамайтынына сенімді болмастан, қарсы жолақта келе жатқан төрт дөңгелекті квадроциклмен соқтығысу жасады, оны өз жолымен шығысқа қарай бет алған 16 жасар жасөспірім басқарды. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан мото құралының жүргізушісі медициналық мекемеде алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оның жолаушысы төрт жасар қыз ауыр жарақат алды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Сот шешімімен А.А.Арыстанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан, төрт жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық сот жүйесі мекемелерінде өтейді. “Үйқамаққа алу” түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, А.Арыстанов сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру