Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасаған 18 жастағы қарақшы ұсталды

Алматыда өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасаған 18 жастағы қарақшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, бұл қылмыс жеке секторда, Айвазовский көшесінің бойында болған. Өтіп бара жатқан адам қызға шабуылдап, оның ұялы телефонын күшпен тартып алған.

– Бұрын хабарланғандай, бұл қылмысты ашу мақсатында тез арада тергеу-жедел тобы құрылды. Біз шабуылдаушының жеке басын тез анықтадық, оны ұстау үшін біраз уақыт қажет болды. Бүгін оны біздің бөлімнің қызметкерлері қалалық криминалдық полицияның көмегімен ұстады. Бұл – 2003 жылы туған К.есімді ер адам. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ұялы телефонның сатылып кеткенін айтты. Қазіргі уақытта, заттай айғақтың қайда екенін анықтау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде, – деді Алмалы аудандық ПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.

Полицияның хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру