Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік анықталды

Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында 2021 жылғы 7-16 маусым аралығында “Мигрант” Республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін “Мигрант” Республикалық жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінің қорытындысы бойынша 167 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 95 шетелдік және 72 Қазақстан Республикасының азаматтары бар.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 14 шетелдік шығарылды, оның ішінде біреуі ҚХР азаматы.

Ресей Федерациясының азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуінің бір дерегі анықталды.

9 маусымда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында паспорт режимін тексеру кезінде Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен 46 жастағы ер адам ұсталды. ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру