Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызды суицидтен құтқарды

Алматыда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызды суицидтен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеде таңғы сағат төрт жарымда Қарасай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің шатырында бір қыз төртқабатты үйдің шатырына шығып, секірмек болған. Мұны патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ ғимаратынан шығып бара жатқанда көрген. Полиция лейтенанты Расул Маметниязов пен полиция аға лейтенанты Данияр Тастекеев еш ойланбастан үйге жүгіріп келіп, өрт сөндірушілер баспалдағымен шатырға көтерілді. Қыз шатырдың ең шетінде тұрған, жас қызметкер оны соңғы қадамға баруға дайын болған сәтте ұстап алды. 28 жастағы Валерия есімді қыз есеңгіреген күйде болған.

Полиция оның күйзелісте болғандығын және суицидке не себеп итермелегені әлі белгісіз екенін атап өтті. Қазіргі кезде онымен психологтар жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлерінің келісілген және жедел әрекетінің арқасында адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру