Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда «Пиротехника» іс-шарасы өтуде

2021 жылдың 15 желтоқсаны мен 2022 жылдың 12 қаңтары аралығында Алматы қаласында «Пиротехника» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы екі кезеңде өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жаңа жылдық мерекелер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен қолданылған бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау.

– Алматыға жыл сайын түрлі пиротехникалық бұйымдар өндіріледі және жеткізіледі. Сондықтан балалар арасында жарақаттануды болдырмау үшін қызметіне қоғамдық тәртіпті сақтау кіретін полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ мектеп полициясы инспекторларының назары кәмелетке толмағандардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалануын, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумақтарында қолдануының жолын кесу. Пиротехникалық бұйымдарды автокөлікпен тасымалдаудың заңдылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде. «Пиротехника» ЖАІ жыл сайын Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өткізіледі, оның қорытындысы туралы қосымша хабарлайтын боламыз, – деді Алматы қалалық ПД Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Рахым Төлеқұлов.

Қаланың барлық аудандарында біздің полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары арасынан арнайы топтар құрылды.

– Тексеру қаланың барлық базарларындағы сауда орындарын қамтыды. Бұл өнімдер стихиялық сауда орындарында да сатылып жатқаны белгілі. Әдетте, сатушыларда өнім сертификаттары жоқ, ал кейбірінің пиротехникалық заттармен сауда жасауға лицензиясы да жоқ. Салюттар, отшашулар күмәнді сапада болады, соның салдарынан – оларды пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлар, көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Бұл жағынан әсіресе балалар осал болып келеді. Тәжірибеде, өкінішке орай, олардың пиротехникалық бұйымдарды пайдалану салдарынан жарақат алу фактілері бар, – деді Р.Төлеқұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру