Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер арасында шағын футболдан жарыс өтті

Алматыда полицейлер арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алматыда полицейлер арасында спорттық жарыс өтті.

Шағын футболға полицейлерден 160 қатысушыдан құралған 16 команда қатысты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды ЖҚАЖ командасы, екінші орынды Түрксіб аудандық Полиция басқармасы, ал үшінші орынды Алмалы аудандық Полиция басқармасы иеленді.

Сонымен қатар, “Үздік қақпашы” номинациясын ЖҚАЖ аға инспекторы Әбіш Мақсат, “Үздік қорғаушы” Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Әсет Көпешбаев жеңіп алды. Ал “Турнирдің үздік ойыншысы” атағын Түрксіб аудандық ПБ-ның жедел уәкілі Сұлтан Қамзабеков иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру