Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полициясында жеңіспен оралған спортшыға құрмет көрсетілді

Ұлытау облысының полициясында жеңіспен оралған спортшыға құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Атырау облысында 11-13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті. Бұл сайысқа Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, арнайы құрылым қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасынан 17 құрама команда қатысты. Спорттық додаға 73 келі салмақ дәрежесінде Ұлытау облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Әлішер Қайырбек сынға түсті. Жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық кездесуді айқын жеңіспен аяқтады.

Бүгін Ұлытау облысының Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайыркен Әлиев жеңіспен оралған спортшыға құрмет көрсетіп, жеке құрам атынан алғыс білдірді.

– Әріптесіміз Әлішер Қайырбек Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың алғыс хатымен марпатталады. Сондай-ақ, Ұлытау облысы Полиция департаментінің басшы құрамы атынан және барлық жеке құрам атынан әріптесімізге алғыс айтамын, – деді Қайыркен Жетпісбайұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру