Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда велосипед ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды

Алматыда велосипед ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бостандық ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бөтен адамдардың екі дөңгелекті көлігін 6 рет ұрлау дерегіне қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы К.есімді азаматты ұстады.

– Күдікті ұрлықтарды негізінен автотұрақтардың аумағында, дүкендердің жанындағы көшеде, кіреберістерде жасаған. Және бірнеше рет бейнекамералардың обьективіне түсіп қалған. Оның осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізілуде, – деді Бостандық аудандық ПБ полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Бұл эпизодтар бір өндіріске біріктірілді. Қылмыстық іс 188-бабы “Ұрлық” бойынша тергелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру