Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “Ақбөкен” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбелік полицейлер “Ақбөкен” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Акция барысында 8-18 тамыз аралығында облыс аумағында тұрғындар, соның ішінде табиғатты пайдаланушылар арасында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Он күн бойы мобильдік топтар 48-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізді, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 264 фактісі анықталды. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың – 65, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзудың – 14, өсімдіктер дүниесін қорғауды бұзудың -74, ортақ су пайдалану ережелерін бұзудың 111 дерегі анықталды.

Сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған 400 метр балық аулау торлары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру