Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер ұрланған Toyota Camry 70 көлігін иесіне қайтарды

Алматыда полицейлер ұрланған Toyota Camry 70 көлігін иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қылмыстың түннің бір уағында жасалғанын хабарлады.

– 21 маусымда сағат 00:30 шамасында Розыбакиев пен Құсаинов көшелерінің қиылысында маған шабуыл жасалды. Ол мені қорқытты, егер мен оның талаптарын орындамай, тыныш отырмасам, мен сені өлтіремін деді. Сондай-ақ ол бір жерге жетеміз, сен үндемей жүк салғышқа ауысасың деді, – дейді жәбірленуші.

Қылмыстық қол сұғушылықтың нысаны Toyota Camry 70 маркалы көлік болды.

– Қаскөйлер үшеу. Олардың бірі көлігін тұраққа қойып жатқан кезде әйелге шабуылдап, оны бірнеше рет ұрып, көліктің ішіне итеріп кіргізіп, кетіп қалған.  Абырой болғанда, жолда жәбірленуші көліктен шығып үлгеріп, оны полицияға хабарлаған.  «Ұстау» жоспары бүкіл қала бойынша енгізілді. Көлік басқа ауданнан табылды. Күдіктілер бірнеше сағаттан кейін ұсталды, – деді Бостандық АПБ-ның бастығы Думан Аухадиев.

 – Сол түні маған Бостандық аудандық ПБ-нан көліктің табылғандығы туралы хабарланды. Сәл кейінірек қылмыскерлердің ұсталғанын айтты. Қылмысты ашқаны үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Оларға қызметінде сәттілік тілеймін, – деді автокөлік иесі.

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру