Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробациялық бақылаудан жасырынған есепте тұрған ақтөбелік сотталған қамауға алынды

Пробациялық бақылаудан жасырынған есепте тұрған ақтөбелік сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Алаяқтық” бабы бойынша Сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Т., биылғы жылдың ақпан айында Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын.

Есепке алынған күннен бастап, Пробация қызметкерлері сотталған азаматқа жаза өтеу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, қайта қылмысқа бармау жөнінде профилактикалық әңгімелер жүргізді. Алайда, сотталған К. пробация қызметіне тіркелуге келмей, жасырынумен болады. Осыған байланысты, Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысымен, сотталған К.- ге іздеу жарияланады.

Сотталған К. Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметкерлерімен және № 2 полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен бірлескен облыс аумағында жүргізілген “Шартты түрде” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезеңінде табылды.

– Бүгінгі таңда “Шартты түрде” республикалық жедел- профилактикалық іс- шарасы кезеңінде, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметімен 12 сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша және қоғамдық жұмысқа шықпаған 1 сотталғанның қоғамдық жұмыс түріндегі жаза өтеу тәртібін қамаққа алу жазасына ауыстыру бойынша Ақтөбе қаласының №2 сотына ұсынымдар жіберілді»,- дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Төлегенов.

Айта кету керек, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторларымен және жергілікті полиция қызметкерлерімен “Шартты түрде” республикалық жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында пробация есебінде тұрған 367 сотталған азамат тұрғылықты мекен жайы бойынша тексерілген болса, оның ішінде 12 сотталған азаматқа кешкі тексеріс барысында үйлерінен табылмағаны үшін ескерту жарияланды.

Бұдан бөлек, аталған іс-шара кезінде Ақтөбе қаласының №2 сотымен пробация қызметіне ескертпей, тұрғылықты мекен жайын тастап кеткен үш есепте тұрған сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөніндегі ұсыным қаралып, қанағаттандырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру