Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер заңсыз балық саудасымен айналысқан браконьерді анықтады

Алматыда полицейлер заңсыз балық саудасымен айналысқан браконьерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық ПБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық шашу» алдын-алу іс-шарасы кезінде заңсыз балық тасымалдаған браконьерді ұстады. Ер адамның шаһарда балықты сату үшін Алматы облысынан әкелгені анықталды.

– Уылдырық шашу – бұл балықтар мен қосмекенділердің жұптасуы және көбею процесі. Және осы кезеңде балық аулауға тыйым салынады. Мұндай кезеңде балық аулайтын браконьерлер ережелерді бұзып қана қоймай, балық ұрпағының табиғи даму процесіне зиянды ену жасайды. Ұсталған ер адамнан 52 келіге жуық жаңа ауланған балықты тәркіледі, олар Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына беріледі. Бұл жұмыс жалғасады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

«Уылдырық шашу» іс-шарасы уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулауды, балық және балық өнімдерін сатуды анықтау және жолын кесу бойынша профильдік қызметтерге көмек көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру