Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 18 жайты анықталды

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 18 жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 9 сәуір – 31 мамыр аралығында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Әл-Фараби аудандық ПБ Табиғатты қорғау тобының қызметкерлерімен Қошқар ата өзенінің бойынан заңсыз балық аулаудың бір жайты анықталды.

Жалпы іс-шара аясында қалалық, аудандық басқармалардан 100 қызметкер жұмылдырылуда. Іс-шара басталғалы заңсыз балық аулаудың 18 жайты анықталды. Заңсыз балық аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама толтырылған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Тәртіп сақшылар заңсыз балық аулау жайтын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру