Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде “Нерест” республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен бірлесіп, Іле өзенінің бойында Балқаш ауданы Бақбақты ауылынан оңтүстікке қарай шамамен 9 км жерде заңсыз балық аулаған азаматты ұстады.

Заң бұзушы резіңке қайықты және аккумуляторға қосылып, қолдан жасалынған тоқ күшейткіш аппаратты пайдаланып, жалпы салмағы 72,4 кг болатын әртүрлі балықтарды заңсыз аулаған.

– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Уылдырық шашу мерзімінде заңсыз балық аулау) бойынша тіркелді. Айғақ зат ретінде жергілікті тұрғыннан 72,4 кг балық (сазан 54 кг, көксерке 3 кг, ақмарқа 14 кг және т.б.), үрленбелі резіңке қайық, аккумулятор, тоқ күшейткіш аппараты алынды. Алдын-ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 412 390 теңгені құрап отыр, – дейді Балқаш АПБ бастығы Даурен Кутпанов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында балықты заңсыз аулау, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ бұрын жасалған экологиялық қылмыстарды ашу, сондай-ақ балық қорғау органдарына балық қорларын сақтауда көмек көрсету мақсатында “Нерест” жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру