Алматыда полиция іздеуде жүрген борышкерді ұстады
Алматыда полиция іздеуде жүрген борышкерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселе, көші-қон қызметінің мәліметінше, 10 миллион теңгені төлемегені үшін мемлекетаралық іздеуде болған Т.есімді азамат жайында болып отыр.
Күдікті Қазақстанға кіру кезінде ұсталды, оның екі жыл бойы шетелде жасырынып жүргені белгілі болды.
Т.есімді азамат сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді.