Алматыда полиция сигналдық және атуға жарамсыз қаруды тапсыруға шақырады
Алматыда полиция сигналдық және атуға жарамсыз қаруды тапсыруға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қару айналымына бақылауды күшейту аясында заңнамаға өзгертулер енгізілді.
— 18 жасқа толған азаматтар соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы, психикалық сауықтыру орталықтарының мәліметтерін және азаматтық қарудың иелері мен пайдаланушыларын оқыту бағдарламасын аяқтағаны туралы анықтаманы көрсеткеннен кейін сигналдық және бос қаруды тек жеткізуші заңды тұлғаларданрұқсатсыз сатып ала алады. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының талаптарына сәйкес сигналдық және бос қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және өткізу үшін жауапкершілік енгізілді. Осыған орай азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қолдарында тіркелмеген барлық сигналдық және бос қаруларын ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыруы тиіс, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.