Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қалта ұрылары ұсталды

Алматыда қалта ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полицияның хабарлауынша, олар қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда ұрлық жасап жүрген.

– Бұрын сотталған 38 жастағы Т.есімді азамат 221-бағыттағы қоғамдық көліктің шыға берісінде ұсталды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ер адам осыдан біраз уақыт бұрын жолаушының телефонын ұрлап кеткен. Оңай жолмен ақша табудың тағы бір әуесқойы – 49 жастағы А.есімді азамат. Оны жедел уәкілдер 92-бағыттағы қоғамдық көлікте ұстады. Оның қылмыстық олжасы басқа біреудің Samsung телефоны болып шықты. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Олар қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Т.есімді азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың төрт дерегіне қатысы бар екендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру