Алматыда болған қарулы қақтығысқа қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды
Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілдері төбелес кезінде қару қолданды деген күдікпен тағы бір жігітті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті - 1994 жылы туған С.есімді азамат.
- Бұл жігіт қарсыласы - 37 жастағы Ж.есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Сөйте тұра қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, - дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.