Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда болған қарулы қақтығысқа қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілдері төбелес кезінде қару қолданды деген күдікпен тағы бір жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті – 1994 жылы туған С.есімді азамат.

– Бұл жігіт қарсыласы – 37 жастағы Ж.есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Сөйте тұра қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру