Алматыда қару-жарақты қайта өңдейтін ірі цехтің жұмысы тоқтатылды
Алматылық полицейлер арнайы операция барысында қару-жарақ өңдейтін жасырын цехтің жұмысын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Арнайы операция барысында Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталып, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша ірі көлемдегі түрлі үлгідегі атыс қарулары, оқ-дәрілер және қаруларды қайта өңдеуге арналған құрылғылар тәркіленді. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-тармағы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Барлық қару -жарақ арнайы баллистикалық сараптамаға жіберілді,» – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сондай-ақ сараптама нәтижелері бойынша аталған қару-жарақтың қандай мақсатта қайта өңделгендігі белгілі болады.