Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер SPA салоны түрінде жұмыс істеп тұрған притонды анықтады

Ақтөбеде клиенттерге жыныстық қызметтер көрсететін қыздар ұсынған SPA салонының әкімшісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында “Стоп-Трафик” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында SPA салоны түрінде жұмыс істейтін интимдік қызметтер көрсетуге арналған притонды анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында салонның клиенттеріне интимдік қызметтер көрсету үшін қыздарды ұсынған мекеменің әкімшісі ұсталды.

Тексеру кезінде салонда интимдік қызмет көрсеткен екі қыздың Ақтөбе облысының тұрғындары екені анықталды.

Аталған факт негізінде ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру